2026 жылдан бері жоғары оқу орындарына қанша қаржы бөлінді?

Қаракөз Амантай 27 нау. 2026 11:19

2026 жылдың басынан бері мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында жоғары оқу орындарына бөлінген қаржы көлемі белгілі болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Protenge дереккөзі солардың бірқатарына шолу жасады.

  • Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті – 20,3 млрд теңге;
  • Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – шамамен 18 млрд теңге;
  • Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті – 14 млрд теңгеден астам;
  • Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті – 13 млрд теңгеден астам; С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті – 11,4 млрд теңге;
  • Astana IT University – 9,3 млрд теңге;
    Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті – 7,3 млрд теңге;
  • Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті – шамамен 7 млрд теңге;
  • Қазақстан-Британ техникалық университеті – 6 млрд теңгеден астам;
  • М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті – шамамен 6 млрд теңге;
  • М. Тынышпаев атындағы ALT университеті – шамамен 5,8 млрд теңге;
  • Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті – 5,2 млрд теңге;
  • Азаматтық авиация академиясы – шамамен 5,1 млрд теңге;
  • Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті – 5 млрд теңгеден астам.

Аталған көрсеткіштер – жыл басынан бері "Қаржы орталығы" жасаған, құны 5 млрд теңгеден асатын келісімшарттар.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove