2026 жыл Қазақстанда цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды

Самал Асқар 06 қаң. 2026 15:55

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ақорда мәліметінше, бұл шешім цифрландыруды одан әрі дамыту және жасанды интеллектті барлық салада кеңінен енгізу мақсатында қабылданған.

Жарлыққа сәйкес, Қазақстан Үкіметіне Цифрландыру және жасанды интеллект жылын өткізу үшін қажетті шараларды қабылдау тапсырылды. Құжаттың орындалуын бақылау Президент әкімшілігіне жүктелген.

Аталған жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар