2025 жылы Ұлттық қорға 3,7 трлн теңгеден астам салық пен төлем түсті

Қаракөз Амантай 06 ақп. 2026 11:26

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның Ұлттық қорына салықтар мен міндетті төлемдер түрінде 3,746 трлн теңге түсті. Орташа жылдық валюта бағамымен бұл шамамен 7,18 млрд долларды құрайды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Черный лебедь, рак и руща" телеграм арнасының мәліметінше, түсімдердің едәуір бөлігі мұнай секторындағы заңды тұлғалардың корпоративтік табыс салығына тиесілі болған. Бұл бап жалпы кірістің 34,9 пайызын немесе 1,300 трлн теңгесін құрайды.

Ұлттық қорға түскен негізгі түсімдер құрылымы төмендегідей қалыптасты:

– Өнімді бөлу жөніндегі келісімдер бойынша Қазақстанның үлесі – 1,045 трлн теңге (28,1%);

– Пайдалы қазбаларды өндіру салығы – 899,22 млрд теңге (24,1%);

– Экспортқа салынатын ренталық салық – 356,85 млрд теңге (9,6%);

– Өнімді бөлу келісімдері бойынша қосымша төлемдер – 87,58 млрд теңге (2,4%);

– Артық пайда салығы – 34,6 млрд теңге (0,9%);

– Ұйымдар төлеген бонустар – 1,24 млрд теңге.

Сонымен қатар "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында 2025 жылдың қорытындысы бойынша әр бала шотына 130,71 доллардан есептелді. Жыл соңында бағдарламаға 6 918 656 бала қатысқан.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove