2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстанда ағаштан жасалған кеңсе жиһазының өндірісі 55%-ға өсіп, 142,2 мың данадан 219,7 мың данаға жетті,- деп хабарлайды Dalanews.kz
«QazIndustry» АҚ Жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, жиһаз өнеркәсібін және құрылыс материалдары өндірісін дамыту дирекциясының деректері бойынша, мұндай көрсеткіш Түркістан облысындағы өндіріс көлемінің бес есеге артуының нәтижесінде қамтамасыз етіліп отыр.
Түркістан облысындағы ағаштан жасалған кеңсе жиһазының негізгі өндірушілері – «Divalux», «СП Туран-мебель», «Adanat» және басқа да компаниялар екенін атап өткен жөн.
Кеңсеге арналған ағаш жиһаз өндірісінің көлемі
|
Қаңтар - маусым 2024 жыл |
Қаңтар - маусым 2025 жыл |
Өсім |
ҚР |
142 164 |
219 676 |
+55% |
Түркістан облысы |
9569 |
46 233 |
+5 есе |