200 млрд теңгелік инвестиция: Қытай алпауыттары Қазақстанда не салғалы жатыр?

Қаракөз Амантай 02 жел. 2025 09:57

Қазақстан Үкіметі Түркістан облысында мақта шикізатынан бастап дайын киімге дейін өндіретін толық циклді өндіріс құру жөніндегі ірі инвестициялық жобаны мақұлдады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жобаны Қытайдың Xinjiang Lihua компаниясы жүзеге асырады. Жалпы инвестиция көлемі 200 млрд теңгеден асады, оның 58 млрд теңгесі бірінші кезеңге бағытталмақ.

Инвестор 60 мың гектар алқапта заманауи агрокешен салуды жоспарлап отыр. Кешен құрамына тамшылатып суару жүйесі, су айдайтын станциялар, су арналары, тамшылатып суару лентасын шығаратын жеке өндірістік желі кіреді.

Жоба аясында 1400 тұрақты жұмыс орны, сондай-ақ 300-ден астам уақытша жұмыс орны ашылады.

Қазір Қазақстан жыл сайын 70–75 мың тонна мақта талшығын өндіреді, оның 85%-ы экспортталады. Жаңа кешен мақтаны терең өңдеуге мүмкіндік беріп, дайын матадан бастап, дайын киімге дейінгі өндірісті жолға қоюға бағытталған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар