20 жыл жасырынған қылмыскер Ресейден экстрадицияланды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Бас прокуратура Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады. Күдікті 2006 жылы Павлодарда қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып, қарақшылық шабуыл жасап, жәбірленушінің мүлкін ұрлағаны анықталған.
Оның басқа сыбайластары әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталған, ол қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық қудалау органынан жасырынған, осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланған.
2025 жылы қыркүйекте ол Новосібір облысында ұсталып, Қазақстанның Бас прокуратурасының сұрауымен елге экстрадицияланды.
Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды.