2 күндік рейд: ІІМ жүргізушілерге құлаққағыс жасады

Сағыныш Сардарова 23 қаң. 2026 10:44

Жол қауіпсіздігін күшейту мақсатында "Қауіпсіз жол" жедел профилактикалық іс-шарасы басталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жолдардағы апат деңгейін төмендету, құқықбұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында 23-25 қаңтар аралығында республика аумағында "Қауіпсіз жол" жедел профилактикалық іс-шарасы өтеді.

Бұл іс-шараның мақсаты - жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтардың алдын алу және елдегі заңдылықты нығайту.

"Жолаушыларды тасымалдау кезіндегі жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жалған немесе мемлекеттік нөмірі жоқ көліктерді басқаратын азаматтарды анықтауға және қауіпті жүргізушілерге басым назар аударылады", - деп ескертті полиция.

Сонымен қатар, жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауы бақыланады. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove