“2-3 күн мас болған”. Қожаназаров Берденовті атқан адамның қылмыс жасаған сәті туралы айтты

Қаракөз Амантай 25 сәу. 2025 18:54 302

Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке оқ атқан азаматтың қылмысқа дейінгі жағдайын сипаттап, оның бірнеше күн бойы ішімдік ішкенін алға тартты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

“Нақты сол жерде мас болғанын дөп басып айта алмаймын. Бірақ естуімше, бірнеше күн арақ ішкен”, – дейді депутат.

Еске сала кетейік,  21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимараты маңында атыс болды. Салдарынан Руслан Берденов жарақат алды. Полиция мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Ал Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, Руслан Берденовке операция жасалған, өміріне қауіп жоқ.

"Шымкент қаласы әкімінің орынбасары оқ жарақатымен қалалық ауруханаға түсті. Оған шұғыл операция жасалды. Операция барысында қан кету тоқтатылды, зақым қалпына келтірілді. Өміріне қауіп жоқ", - деп жазылған хабарламада.

Мәліметке сүйенсек, оның жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланады. Шенеунік дәрігерлердің тұрақты бақылауында және қажет медициналық көмекті алып жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар