Freedom Inside '26

18 талапкерді алдаған университет қызметкері түрмеге қамалды

18 талапкерді алдаған университет қызметкері түрмеге қамалды
pixabay.com

Елордадағы жоғары оқу орындарының бірінің қызметкері 18 талапкерді оқуға түсіремін деп алдап, бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Тергеу мәліметінше, сотталған азамат жалған мөрлер мен жалған құжаттарды пайдаланып, талапкерлерді қабылдау тәртібінен тыс университетке түсіріп беремін деп сендірген. Ол әрбір талапкерден 600 мыңнан 900 мың теңгеге дейін ақша алған.

Сотта мемлекеттік айыптаушы айыпталушының қызметтік жағдайын пайдаланып, бірнеше рет алаяқтық жасағанын, сондай-ақ жалған құжаттар мен мөрлер дайындағанын дәлелдеді.

Сот үкімімен кінәлі адам 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.

Қылмыстық әрекеттен келген материалдық шығын сотталған азаматтан өндірілді.

Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды қырағылық танытып, жоғары оқу орындарына түсу мәселесінде тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырды.