16 жастағы қазақ қызы дзюдодан Әлем чемпионатында тарих жаңартты

16 жастағы қазақ қызы дзюдодан Әлем чемпионатында тарих жаңартты
ҰОК

Қазақстан құрамасы дзюдодан Гуаякильде (Эквадор) өтіп жатқан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында екінші алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды dalanews.kz ҰОК-қа сілтеп.

52 келіге дейінгі салмақта Фатима Сұпығалиева жеңімпаз атанды. Финалда қазақстандық спортшы Ксения Кирильчукті (Украина) жеңді.

Сондай-ақ, Інжу Жұмажан (57 келіге дейін) финалға шықты. Шешуші белдесуде отандасымыз Ягода Цюпикке (Польша) есе жіберіп, әлем чемпионатын күміс медальмен аяқтады.

Ерлер арасында Ерік Үсенов (66 келіге дейін) пен Еркен Бекали (73 келіге дейін) қола жүлдеге ие болды. Айта кетейік, әлем чемпионатының алғашқы күнінде Ғабит Расулхан (60 келіге дейін) әлем чемпионы атанды. Әділжан Нұрбекен (50 келіге дейін) мен Адия Жанахмет (40 келіге дейін) күміс жүлдеге ие болды.

Ал Бекарыс Құдайберген (50 келіге дейін) мен Ахмет Баубек (60 келіге дейін) әлем чемпионатының қола жүлдегерлері атанды.