16 наурызда ауа райы қандай болады?

16 наурызда ауа райы қандай болады?
ашық дереккөз
16 наурызда ауа райы қандай болады?

Синоптиктер ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Кең ауқымды антициклон Қазақстанның басым бөлігіне ықпал етеді, сондықтан күн жылынады. Елдің солтүстігі мен шығысында ғана атмосфералық фронттар өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болып, жел күшейеді.

Республика бойынша тұман түсуі мүмкін.

Елдің батысы мен оңтүстігінде күндіз ауа температурасы +3…+15 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде -2 градустан +5 градусқа дейін болады.