15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы: алты облыста дауылды ескерту жарияланды

Қаракөз Амантай 15 жел. 2025 07:30

Бүгін Қазақстанның бірқатар аумағында ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Қазгидромет" ұсынған мәліметке сәйкес,елдің алты облысында екпінді жел соғады. Атап айтқанда, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау және Қостанай облыстарының батыс, солтүстік және шығыс бөліктерінде байқалады. Сондай-ақ Қостанай облысының батыс, солтүстік және оңтүстігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

Осыған байланысты тұрғындарға дауылды ескертулерді ескеріп, барынша сақ болу ұсынылады.

Сонымен қатар ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашын жауады.

Ал елдің солтүстігінде, сондай-ақ орталық өңірлерде түнгі және таңғы уақытта қалың қар түсуі мүмкін. Оңтүстік-шығыста, түнде оңтүстікте және күндіз шығыс аймақтарда қар мен жаңбыр аралас жауын-шашын күтіледі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар