Қайғылы оқиға Целиноград ауданына қарасты Ынтымақ ауылында болды. Белгілі болғандай, күдікті 14 жастағы қызға бірнеше рет пышақ жарақатын салып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Dalanews.kz
Алған жарақаттары салдарынан қыз көз жұмды.Полиция күдіктінің жеке басын анықтады. Жедел іздестіру шаралары барысында 35 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалды.
