Freedom Inside '26

13% өсім: СҚО өңір-көшбасшылар бестігіндегі позициясын нығайтып келеді

13% өсім: СҚО өңір-көшбасшылар бестігіндегі позициясын нығайтып келеді
СҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Солтүстік Қазақстан облысы елдегі ең жоғары даму қарқынын көрсетіп отырған өңірлердің бірі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте өңір әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz

Президент жүктеген міндет – жыл қорытындысы бойынша экономиканың кемінде 6,5% өсуін қамтамасыз ету аясында СҚО бүгінде алда келе жатқан динамиканы көрсетуде. Оныншы айдың қорытындысы бойынша қысқа мерзімді экономикалық индикатор 13% құрап, облыс Қазақстан өңірлері арасында 5-орынды иеленді.

Негізгі салалардың барлығы дерлік тұрақты өсім көрсетуде. Он айда ауыл шаруашылығы 9,3%-ға, өнеркәсіп – 19,1%-ға, құрылыс – 30,1%-ға өсті. Тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 3,9%-ға артты, инвестициялар көлемі 7,3%-ға ұлғайды.

Мұндай көрсеткіштер Солтүстік Қазақстан облысы қазіргі сын-қатерлерге сенімді түрде төтеп беріп қана қоймай, ел экономикасының өсу драйверлерінің біріне айналып келе жатқанын дәлелдейді.