13 ақпанда ауа райына байланысты ескерту жасалды

Көркем Алдабергенова 13 ақп. 2026 07:05

Синоптиктер 13 ақпанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

13 ақпанда Қарағанды облысынның солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15 м/с.

13 ақпанда Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15 м/с.

13 ақпанда түнде Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында, тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Ақтау қ.: 13 ақпанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

13 ақпанда Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

13 ақпанда Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, шығысында тұман күтіледі.

13 ақпанда Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), таулы аудандарында қар, кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Шымкент қ.: 13 ақпанда кей уақыттарда жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), көктайғақ, тұман күтіледі. Түркістан қ.: 13 ақпанда таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі.

13 ақпанда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 13 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

13 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Өскемен қ.: 13 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

13 ақпанда Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, Аягөз ауданында екпіні 15-20 м/с. Семей қ.: 13 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove