Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Әлі де аяздың беті қайтпай тұр. Соның ішінде қыстың ызғары солтүстік және шығыс өңірлерде қатты сезілді. Қар мен бораннан кейін бұл аймақтарда ауа температурасы айтарлықтай төмендеді.
"12 наурыздан бастап Қазақстанның бүкіл аумағында ауа температурасы біртіндеп көтеріледі, 14 наурызға қарай оңтүстік өңірлерде термометр бағаны +5…+10 градусты көрсетеді", - деді синоптиктер.
