Қазақстанның 15 өңірінде және Астана қаласында 11 қараша күні дауылды ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Dalanews.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Түнде Атырау облысының батысы мен шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде және Атырау қаласында тұман күтіледі.
Түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман болады.
Түнде Абай облысының оңтүстігінде, шығысында және орталығында қар жауып, көктайғақ пен бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі. Батысында, солтүстігінде және орталығында оңтүстік-батыс желі 15–20 м/с, екпіні 25 м/с дейін жетеді. Семей қаласында оңтүстік-батыс желі 15–18 м/с жылдамдықпен соғады.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде қар, көктайғақ және бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ және бұрқасын болжанады. Солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-батыс желі батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде 15–20 м/с, екпіні 23 м/с. Өскемен қаласында түнде қар, көктайғақ күтіледі, желдің екпіні 15–18 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында оңтүстік-батыс желі 15–20 м/с жылдамдықпен соғады.
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ және бұрқасын болжанады. Облыстың батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыс желі 15–20 м/с, ал оңтүстігі мен шығысында екпіні 25 м/с дейін жетеді. Петропавл қаласында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын және тұман күтіледі. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с.
Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде тұман болады. Ақтау қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Түнде Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын және көктайғақ болады. Күндіз де жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын және көктайғақ сақталады. Облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыс, оңтүстік және шығыс бағыттарында желдің екпіні 15–20 м/с, күндіз солтүстігі мен шығысында кей жерлерде 25 м/с дейін жетеді. Көкшетау қаласында таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын және көктайғақ күтіледі, желдің екпіні 15–20 м/с.
Түнде Қостанай облысының батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ және бұрқасын күтіледі, күндіз де жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ пен бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыс желі шығысы мен оңтүстігінде 15–20 м/с жылдамдықпен соғады. Қостанай қаласында күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ және бұрқасын болжанады.
Астана қаласында көктайғақ күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыс желі 15–20 м/с дейін күшейеді.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман күтіледі. Орал қаласында түнде және таңертең тұман болады.
