Ақтөбе облысында “100 бас жылқы ұрлады” деген айыппен сотталып, кейін апелляциялық соттың шешімімен бостандыққа шыққан 60 жастағы Рахат Сәрсеновке Сабыржан есімді асаба 10 жылқы сыйлады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Әлеуметтік желіде тараған видеода асабаның қарияға құрмет ретінде жылқы сыйлағаны туралы видео тарады.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе облыстық соты істі қайта қарап, Рахат Сәрсеновтің 100 емес, бір ғана жылқының құны көлемінде материалдық шығын келтіргенін анықтады. Осыған байланысты айыптау бабы өзгертіліп, инсульт алған қарияға рақымшылық туралы заң қолданылды. Нәтижесінде ол сот залынан бостандыққа шығарылды.
Осыдан кейін Рахат Сәрсеновтің тағдыры қоғамда кеңінен талқыланып, оған қолдау білдірген азаматтар көбейе бастады.