100 жастағы Алматы тұрғыны референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Наурызбай ауданындағы учаскеге ғасыр жасаған тұрғын Кәмилә Қосымаева келді. Биыл ол 101 жасқа толады.
Жасына қарамастан Кәмилә Қосымаева шөбересімен бірге сайлау учаскесіне келіп, дауыс беруге қатысқан.

Кәмилә Қосымаева - Ұлы Отан соғысы жылдары ел игілігі үшін тер төккен буынның өкілі. Оның айтуынша, ел үшін маңызды оқиғалардың ешқайсынан қалмауға тырысады.
"Әрдайым дауыс беруге келуге тырысамын. Әр адам қатысып, таңдау жасауы керек деп есептеймін", - деді ол.
