10 сотықтан үміттілер: 2025 жылы ел азаматтарына қанша жер телімі тегін таратылады

Кәмшат Тілеухан 26 мау. 2025 11:07

Бүгінгі таңда 4 миллионнан  астам қазақстандық үй салу үшін мемлекеттен тегін берілетін 10 сотық жер телімінің кезегінде тұр. Негізі, тегін жер телімін алуға басында үйі немесе жер телімі барына қарамастан кәмелетке толған кез келген Қазақстан азаматы өтініш түсіре алады. Ал жер телімін кез келген өңірден алуға болады. Оған тұрғылықты мекенжайдың қатысы жоқ. Мұндай жер телімін алып жатқан жағдайда үш жыл ішінде ол араға үй салу керек болады, әйтпесе оны мемлекет қорға автоматты түрде қайтарады. Жер телімі, алдымен жалға беріледі. Тек дайын үйдің құжаты шыққанда ғана ол жекеменшік иелегіне өтеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Krisha.kz бұл ретте әр аймақтан тың мәліметтер жинап, оқырмандар назарына ұсынып отыр. Онда кезек жылдамырақ қозғалатын өңірлер анықталып, керісінше тегін жер телімін алуға 10-15 жыл кететін аймақтардың да аты аталады.  

2025 жылғы 10 соттық тегін жер телімінің кезегі

Күн өткен сайын бұл кезектің көлемі өсе түсуде. 2024 жылы ресми мәліметтерге сәйкес, бұл кезектегі адам саны 3.9 миллион болса, ал қазір олардың 4 миллионнан асып жығылады. Өңірлік жер қатынастары басқармалары жолданған ресми сауалдарға берген жауаптарындағы деректерге сүйенсек, ең үлкен кезек Алматы облысында қалыптасып отыр: 1.2 млн-нан астам.

Ұзын-сонар кезек бойынша үздік 5 аймақ:

  1. Алматы — 1 284 488 адам
  2. Түркістан — 469 300.
  3. Ақмола — 316 342.
  4. Ақтөбе — 202 723.
  5. Атырау — 168 140.

Қалаларда тегін жер телімінен үмітті қанша адам бар:

  • Шымкент — 280 302.
  • Астана - 247 795.
  • Атырау — 133 778.
  • Тараз — 130 477.
  • Орал — 110 140.
  • Семей - 32 220.
  • Көкшетау — 32 095.

Адам кезегі ең азына Ұлытау облысы жатады: 16 647 адам. Одан кейін:

  • Абай облысы - 35 мың
  • ШҚО-45.7 мың;
  • Павлодар облысы — 59 мың.

2025 жылы қанша жер телімі бөлінеді

Өңірлік жер қатынастары басқармасының 2025 жылдың 1 маусымында ұсынған деректері, krisha.kz

Өңірлер Жер телімі, саны
БҚО 1 322
Атырау   750
Ақтөбе    985
Жамбыл   865
Қарағанды   220
Павлодар   250
Ақмола   203
Ұлытау   200
Жезқазған    50

Бұл - активінде жер телімі бар әрі оны бөлуге дайын өңірлер.

10 сотық тегін жер телімі қай жақта беріліп жатыр

Ақмола облысында кезекте тұрғандарға Бұланды ауданы Макинск қаласында дайын учаскелер бар.

Түркістан облысында Түлкібас, Жетісай, Созақ және Келес аудандарында учаскелер бөлуге дайындалуда. Айтпақшы, 2018 жылдан бастап мұнда 17 мыңнан астам жер телімі берілді, яғни жыл сайын орта есеппен 2 мыңнан астам учаске беріледі.

Таразда коммуникациялар жүргізілгеннен кейін Асқаров көшесінің түбінде орналасқан тұрғын алабында 524 учаске және Хамукат алабына 341 учаске бөлу жоспарлануда.

Қай өңірлерде бөлу үшін жер телімдері қарастырылып жатыр

Кейбір аймақтарда дайындық жүргізілуде: учаскелерге коммуникациялар тартылып, саяжайлар телімдері біріктіріліп, жер телімдерін қайта рәсімдеп, олардың нысаналы мақсатын өзгертуде. Онсыз учаскелерді беру мүмкін емес.

Мәселен, Алматы облысында 10 сотық жер телімін тарату үшін жалпы ауданы 123 гектар болатын 23 саяжай алқабын қосу жоспарлануда.

Ұлытау облысында Сәтбаев қаласындағы Байқоңыр шағын ауданында осы мақсатқа Жаңаарқа ауданында 150 учаскеден жер телімдері дайындалуда.

Семейде жер телімдерін тарату үшін жалпы ауданы 4.5 мың гектарды (шамамен 17.5 мың учаске) құрайтын 10 тұрғын алабы анықталды:

  1. Ақсай.
  2. Суық Бұлақ.
  3. Бобровка.
  4. Жарқын.
  5. Ақ Қайын.
  6. Жібек Жолы.
  7. Кіші Ақтөбе.
  8. Степной.
  9. Қызыл кордон.
  10. Водный.

Сондай-ақ тағы 42 гектар жер Курчатов қаласынан қарастырылуда.

Астана мен Алматыда 10 сотық жер телімін тегін алуға бола ма?

Мегаполистерде, Астана мен Алматыда бұрыннан бос жер телімдері жоқтың-қасы.

Астанада үй салу үшін жер теліміне деген сұраныс көлемі Бас жоспардың жобалық қуаттынан 25 есе асады, делінген басқарманың ресми жауабында.

Шымкентте кезек 2008 жылдан бері қозғалмай сіресіп тұр.

Тиесілі тегін 10 сотық жер телімін алу үшін қанша уақыт күту керек?

Уақытқа қатысты ресми ақпарат жоқ, тек шамамен алынған мынандай мәліметтер бар:

  • Батыс Қазақстан облысы: 5-10 жыл.
  • Қарағанды облысы: 10-15 жыл.
  • Ақтөбе облысы: 8-12 жыл.

Күту мерзімі тек аймаққа ғана емес, белгілі бір елдімекенге де байланысты.

Мысалы, Ақмола облысында коммуникациялар жүргізілгеннен кейін 2021 жылғы кезекте тұрғандарға мына аудандардан жер телімін бөлу жоспарланып отыр:

Біржан Сал, Бұланды, Егіндікөл, Есіл, Жақсы, Жарқайың, Сандықтау, Қорғалжын.

Облыстың басқа аудандарында жер кезегінде тұрғандарға жер телімін тарату 2004-2007 жылдары жүргізілген.

Атырау облысында биылғы жылы 1999-2006 жылдары кезекте тұрғандарға жер телімі бөлінеді.

Кезектің баяу жүруінің басты себебі – инфрақұрылымға қатысты туындаған қиындықтар.

10 сотық тегін жер телімін алу үшін кезекке қалай тұруға болады?

Ол үшін EGOV немесе eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы өтініш бере аласыз:

  • "Жылжымайтын мүлік" бөлімінде "ЖТҚ үшін жер учаскесін алуға кезекке қою" деген бөлікті таңдаңыз.
  • Аймақты таңдаңыз, өтініш түрін көрсетіңіз - "кезекке қою".

Маңызды жайт: тегін жер телімін алуға бір-ақ рет құқық беріледі.

Кезекте нешінші тұрғаныңызды білу үшін EGOV немесе мобильді қосымшада "Бұрын берілген өтініштерді өзектендіру" батырмасын басу арқылы тексеруге болады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар