Синоптиктер 10 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Циклон салдарынан Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр мен қар жауады. Тұман түсіп, көктайғақ болады, жел де күшейеді.
Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашын жаумайды.
- Ауа температурасы күндіз батыс өңірлерде +5...+15°С,
- Солтүстік-батыста 0...+10°С,
- Солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда -3...+2°С,
- Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста +5...+15°С шамасында болады.
