10 желтоқсанға арналған жұлдыз жорамал: бүгін сізді не күтіп тұр?

Қаракөз Амантай 10 жел. 2025 07:00

10 желтоқсан – сезім, энергия және жаңа мүмкіндіктер тоғысатын ерекше күн. Кейбір жұлдыз белгілері үшін жұмыс пен қаржы саласында тың жаңалықтар күтілсе, енді біреулер үшін қарым-қатынас пен жеке өмірінде маңызды өзгерістер болады. Бұл күні түйсігіңіз бен ішкі сеніміңізге құлақ асқан дұрыс. Dalanews.kz әр жұлдыз белгісіне байланысты жұлдыз жорамалды ұсынады.

Тоқты

Бүгін өзіңізді ерекше жігерлі сезінесіз. Бұрын бітпей жүрген істерді аяқтауға жақсы мүмкіндік туады. Жұмыста жаңа ұсыныстар болуы мүмкін.

Торпақ

Бүгін сізді сабырлы күн күтіп тұр. Үй шаруалары, ұзаққа қалдырып жүрген тұрмыстық мәселелерді реттеуге ыңғайлы уақыт. Қаржы жағынан күтпеген шығындар болуы мүмкін, сондықтан жоспарсыз ақша жұмсамаған дұрыс. Жақындарыңызбен жылы әңгіме болады, олардың қолдауын сезесіз. Өз-өзіңізге тым қатал қарамаңыз.

Егіздер

Бүгін жұмыста да, үйде де маңызды әңгімелер болады. Сіздің пікіріңізді тыңдайтын адамдар табылады. Жаңа таныстық немесе ұсыныс алу мүмкіндігі бар. Жоспарларыңыз өзгеруі мүмкін, бірақ ол сіздің пайдаңызға жұмыс істейді.

Шаян

Бүгін сезімталдығыңыз артады. Жұмыста да, үйде де жауапкершілік көп, бірақ бәрін ретімен жасасаңыз, қиындық болмайды. Ақша мәселесінде бір жақсы жаңалық болады: бонус, көмек немесе күтпеген табыс болуы мүмкін. Үйде жайлылық сезінесіз, жақындарыңыздың ықыласы ерекше байқалады.

Арыстан

Шығармашылық шабытыңыз оянады. Өзіңізді көрсете алатын күн – сахна, презентация, маңызды кездесу болса, бәрі жақсы өтеді. Айналаңызда сізге қызығып қарайтын адамдар көбейеді. Бірақ тәкаппарлық танытпаған жөн. Қаржы жағынан абай болыңыз – үлкен шығынға бармаған дұрыс. Жеке өмірде жағымды эмоция күтіп тұр.

Бикеш

Бүгін бәрін ретке келтіретін күн. Жоспар құру, құжат жинау, есеп жүргізу – бәрі оңынан шешіледі. Ұсақ-түйекке алаңдамасаңыз, ірі мәселенің шешімін табасыз. Қарым-қатынаста салқындық болуы мүмкін, бірақ ол ұзаққа созылмайды.

Таразы

Жеңіл, жайлы күн. Әдемілікке, шығармашылыққа, жаңа нәрселер көруге құштарлық пайда болады. Жаңа таныстық, жаңа идея немесе күтпеген ұсыныс болуы мүмкін. Жұмыста үйлесім бар. Кешке серуендеп, көңіл күйді көтеретін нәрсемен айналысқан дұрыс. Өз сезімдеріңізді жасырмай айтуға жақсы уақыт.

Сарышаян

Ішкі түйсігіңіз бүгін мықты жұмыс істейді. Маңызды шешім қабылдасаңыз, қателеспейсіз. Қаржы мәселесінде сақ болған жөн: артық тәуекелге бармаңыз. Жеке өмірде ашық әңгіме болуы мүмкін. Кешке жан тыныштығы қажет.

Мерген

Энергияңыз тасып тұр. Өзіңіз қалаған істі бастауға тамаша күн. Жол жүру, іссапар немесе күтпеген кездесу болуы ықтимал. Жоспарларыңыз өзгерсе де, бұл сізге жақсы мүмкіндік болмақ. Достармен қарым-қатынас нығаяды. Кешке көңіл көтеруге болады.

Тауешкі

Бүгін қаржы мен жұмысқа байланысты жаңалықтар болады. Біреу бағалы кеңес беруі мүмкін немесе жақсы ұсыныс аласыз. Өз-өзіңізге сенімді болыңыз, бірақ асығыстық жасамаңыз. Туыстармен байланысты нығайтуға қолайлы күн.

Суқұйғыш

Шабытңыз артып, жаңа идеялар өздігінен келе береді. Жұмыста әдеттен тыс шешім табасыз. Достармен жақсы кездесу, жылы әңгіме болуы мүмкін. Күннің екінші жартысында көңіл күйіңіз көтеріледі.

Балықтар

Эмоция күшейетін күн. Өткенді көп еске алуыңыз мүмкін, бірақ бұл жаман емес – ішкі тыныштық табуға көмектеседі. Денсаулыққа көңіл бөліңіз, әсіресе ұйқы мен тынығуға.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар