Freedom Inside '26

"1 млн адам жұмыссыз қалуы мүмкін" деген қорқынышты ақпарат тарады: қаншалық рас?

"1 млн адам жұмыссыз қалуы мүмкін" деген қорқынышты ақпарат тарады: қаншалық рас?
primeminister.kz

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі БАҚ-та тарап жатқан ақпаратты түсіндірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Министрліктің ресми ақпаратына сүйенсек, әлеуметтік желі мен бірқатар БАҚ-та жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мунның технологиялардың еңбек нарығына әсері туралы айтқан сөзі бұрмаланып берілген.

"Кей басылымдардың тақырыптарында "ЖИ салдарынан 1 миллион қазақстандық жұмыссыз қалуы мүмкін" деген мәлімдеме пайда болды. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды және айтылған сөздердің мәнін бұрмалайды", - деп жазылған хабарламада.

Ведомство дерегінше, вице-министр өз сөзінде әлемдегі бүкіл мемлекеттерге қатысы бар еңбек нарығының автоматтандырылуы туралы сөз сөйлеген. Оның айтуынша, Қазақстанда өзге елдердегідей бірқатар мамандық технология ықпалымен өзгеруі мүмкін, бұл жойылады деген сөз емес.