«Жеке даудан туған»: Мәжбүрлі түрде жындыханаға жатқызылған тіл жанашыры босатылды

Dalanews 26 қаң. 2024 07:49 2750


Павлодар облысында полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері мәжбүрлеп психиатриялық емханаға алып кеткен тіл жанашыры Руза Бейсенбайтегі босатылды. Бұл жаңалықты жергілікті мәслихаттың депутаты Асылбек Туғанбайұлы мәлімдеді, деп хабарлайды  Dalanews.kz

«Руза апай емханадан шығарылды. Жағымды жаңалық. Кешелі бері көзіқарақты жұртшылық павлодарлық белсенді, тіл жанашыры Руза Бейсенбайтегінің жағдайына алаңдаулы болғаны түсінікті.
Дәл қазір, Руза апай психиатриялық емханадан босатылды. Жағдайы жақсы. Ол кісіге қатысты мәселеге барлығымыз алаңдадық. Шамамыз келгенше нақты ақпарат алып отыруға тырыстық. Құзырлы мекемелермен үнемі байланыста болдық», — деп жазды халық қалаулысы. Ол өзіне әр өңірден көптеген адамдар алаңдап, хабарласқанын атап өткен. Барша жанашыр ағайынға алғысын білдіреді.
«Өкінішке қарай, бұл төңіректе алып қашпа әңгіме де көп болды. „Руза апайды билік әдейі қаматыпты“, „арнайы емханада ес-ақылына әсер ететін екпе салып жатыр екен“ деген әңгіме желдей есіп кетті. Мәселенің байыбына бармай жатып арандатушылыққа еріп кететін жағдайлар көп кездеседі.
Өкініштісі, оған етіміз де үйреніп барады… Бұл жеке даудан туындаған мәселе. Анық-қанығын құзырлы органдар айта жатар. Ең бастысы — Руза апай дін аман», — дейді автор. Коллаж:  Dalanews.kz



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар