"Майқайыңалтында" автобус шахтаға 7 жауапты адамның кесірінен құлап кеткен

Dalanews 26 қаң. 2024 08:46 1769

Адамдар отырған автобус шахтаға құлап кеткен "Майқайыңалтын" аумағындағы апат салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия нәтижесін шығарды, - деп хабарлайды Dalanews.kz тілшісі.

Комиссия кеңістікке тау-кен массасының құлауы салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себептерін анықтаған.

  • жұмыс өндірісін қанағаттанарлықсыз ұйымдастыру;

  • "Майқайыңалтын" АҚ жауапты тұлғалары тарапынан тау-кен жұмыстарының қауіпсіз жүргізілуіне өндірістік бақылау тиісті түрде жүзеге асырылмаған;

  • блоктарды өңдеу кезінде қазбалардан құлау процесін бақылау тиісінше жүзеге асырылмаған.


Кәсіпорын қызметінің нәтижесінде пайда болған бос орындарға тиісті бақылау жүргізілмегені, оларды мәжбүрлеп құлату жүргізілмегені, кейіннен жобалық құжаттамаға сәйкес әзірленген тазарту кеңістігінің бос орындары толтырылмағаны анықталды.

Комиссия 7 жауапты адамды анықтады, олардың әрекеттері салдарынан топтық жазатайым оқиға болған.

Сурет: ТЖМ баспасөз қызметінен

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар