ШҚО-да үздік мұғалімдер марапатталады

Dalanews 26 там. 2021 10:17 249

Биылғы оқу жылында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің атынан алғаш рет педагогтарға «Шығыс Қазақстан облысының білім беру ісіне қосқан үлесі үшін» құрметті атағы, сондай-ақ, 600 мың теңге ақшалай сыйақымен, «Шығыс Қазақстан облысының еңбек сіңірген ұстазы» төсбелгісі берілетін болады, – деп хабарлайды Dalanews.kz ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жақсы жаңалық дәстүрлі тамыз конференциясы кезінде мәлім болды. Марапатқа Шығыс Қазақстан облысының білім беру жүйесіне үлкен үлес қосқан педагогтар ие болады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданды. Бұл педагогтардың еңбек жағдайын жақсартуға және жалақысын арттыруға мүмкіндік берді. Мысалы, бүгінгі таңда 24 045 педагогтың 13 916-сы жаңа формат бойынша аттестаттаудан өтіп, өз жалақысын 30%-дан 50%-ға дейін көтерді.

Өткен оқу жылынан бастап алғаш рет 800 педагог магистратураға 26 мың теңге көлемінде қосымша ақы алады.


Жаңа оқу жылынан бастап педагогтарды жұмысқа қабылдау жүйесі өзгереді. Егер бұрын жұмысқа қабылдауды директор жүзеге асырса, енді тиісті біліктілік талаптарына сәйкес конкурс электрондық форматта өткізілетін болады.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап білім беру ұйымдарының директорларын тағайындаудың жаңа жүйесі енгізіледі. Ол осы объектілер жұмысының сапасы мен тиімділігін арттыруы тиіс.

Айта кету керек, білім беру ұйымдарының директорларын ротациялау институты алғаш рет енгізілуде. Ол бірінші басшыларға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жүргізілетін болады.

Педагогикалық қызметке алғаш кірісетін ЖОО түлектері де "Педагог" біліктілігін алу үшін Ұлттық біліктілік тестінен өтуі тиіс.


Айта кету керек, 4 жыл бойы "Білікті маман" жобасы жүзеге асырылуда. Оның аясында жергілікті бюджет есебінен 2 мыңға жуық білім гранты бөлінді. Оның 800-ге жуығы педагогикалық мамандықтарға жіберілді. Бұл жоба өңірдегі мектептер мен колледждер түлектерінің кетуін азайтуға бағытталған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x