Мектепте коронавирус инфекциясының одан әрі таралуын болдырмау үшін:
- оқушылар, мұғалімдер және басқа қызметкерлер бетперде тағуы керек;
- сынып кабинеттерін тазалау мен дезинфекциялау жиілігі артады:
- сабақтар арасындағы үзілістер әр буын үшін әртүрлі уақытта болуы керек (бастауыш, орта, жоғары сынып);
- зертханалық, практикалық сабақтан басқасына кабинетте білім беру жүйесі жойылды;
- асханаларда тамақтануды ұйымдастыру жайына бақылау күшейтіледі, ауа ағынын реттегіш құрылғы орнатылады.
Қызметкерлер мектептерге Ashyq арқылы кіреді.
Мұғалімдер, басқа қызметкерлер мен оқушылар мектепке кірерде күнделікті "кіре беріс фильтрден" өтеді.
Бүгінгі күні санитайзерлер, антисептиктер, жууға және зарарсыздандыруға арналған құралдар жеткілікті мөлшерде сатып алынды. Сол сияқты елордадағы мектептер де бактерияға қарсы лампалармен қамсыздандырылған. Әлеуметтік қашықтықты сақтауға арналған белгілер мен нұсқағыштар орнатылды.
Бүгінде елордада мұғалімдердің 99% -ы (16 мыңнан астам) және техникалық персоналдың 97% -ы (5 мыңға жуық) екпе алып алды.