Шығыстағы Достық үйі берекелі тірліктің ұйытқысына айналған

Dalanews 03 мам. 2020 10:53 161

Қазақстандағы алғашқы Достық үйі 1992 жылы Өскеменде ашылды. Аталмыш нысанның ашылуына орай Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ШҚО-ның облыс орталығына арнайы келіп, салтанатты түрде лентасын қиды.

Содан бері достық үйінде ұлтаралық келісім арта түсіп, салт-дәстүр, халықтар мәдениеті дамыды. Ең бастысы, әрбір ұлт өкілінің бойында қазақстандық патриотизм оянды.

«Ақ ниет» вокалдық ұжымының қатысушысы, мұсылман әйелдер бірлестігінің мүшесі Майра Мурсалимованың айтуынша, Тұңғыш Президент келгенде қолданысқа берілген Достық үйі ашылғалы бері тарихи мұралардың саны артқан. Ол Елбасымен кездесуін ерекше толғаныспен еске алады.

Өйткені 1998 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының басшысы өз қолымен оның немересінің тұсауын кескен. Қазір ол бала ер жетіп, еліміздің белді азаматына айналды. Оның әжесі бұл қуанышты оқиғаны тағдырдың тартуы деп санайды.


ШҚО ҚХА қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Лео Шик Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі мәңгі жадында сақталатынын атап айтты.

– Ұлт көшбасшысының келуі шығысқазақстандықтар үшін үлкен мереке болды. Ол Достық үйінің ашылуында әрбір қатысушының жүрегінен орын таба білетін сөздерді айтты. Сөз соңында Тұңғыш Президент этнос аралық татулықты сақтауға үлес қосқан барлық азаматтарға алғысын білдірді, – деді Лео Шик.

«Жаңғыру жолы» өңірлік жастар қозғалысының көшбасшысы, «Вайнах» шешен-ингуш хореографиялық ансамблінің көркемдік жетекшісі Равиль Юнусовтың айтуынша, Достық үйі оның өмірінде үлкен рөл атқарады. Ол мұнда ең алғаш рет лезгинка биін үйрену үшін келіпті. Ол Нұрсұлтан Назарбаевтың келер алдында, жақсы әсер қалдыру үшін ұжыммен бірлесіп, көп сағаттық дайындық жүргізілгенін еске алады. Қазір Равиль: «Назарбаев маған Отан үшін еңбек етуді үйретті. Ұлтаралық татулықты сақтау үшін береке мен бірлік керек екенін ұғындырды» дейді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x