Агротехникалық шаралар Түркістанның ауыл шаруашылығын көтеруге ықпал етті

Dalanews 03 желт. 2018 03:59 362

Бүгінде Түркістан қаласының жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 108 миллиард теңгеден асты. Оның ішінде ауыл шаруашылығының үлесі – 40 пайызды, кәсіпкерлік – 14, қызмет көрсету салалары – 34,4, құрылыс саласы 11 пайызды құрап отыр. Негізі, шаһардың дамуында 3 бағыт – ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және туризм маңызды рөл ойнайды. Сол себепті қаланың даму тұжырымдамасын осы салаларға негізделген.

Елбасы өзінің Жолдауында, әсіресе, ауыл шаруашылығы өндірісін алдағы 5 жылда 2,5 есеге ұлғайтуды тапсырған-ды. Жолдауда жүктелген міндеттің үдесінен шығу оңай шаруа емес. Сондықтан қала басшылары агросекторда ауқымды тірліктерді қолға алуда.

Бірінші кезекте жаңа инновациялық жобаларды енгізуге баса мән берілуде. Агротехникалық шараларды өз деңгейінде ұйымдастыру мен егістіктің барлығын сапалы тұқыммен қамтамасыз етуге, қайта өңдейтін цехтарды ашу мен айналымға жаңа суармалы жерлерді қосуға қатысты көптеген жоспарлар бекітілген.

Осылайша биыл ЖІӨ-дегі ауыл шаруашылығының үлесін 58 миллиард теңгеге жетіп, бір жылда 14 миллиард теңге қол жетті

 

Dalanews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x