2020 жылы Жетісайда мектеп мәселесі толығымен шешіледі

Dalanews 14 желт. 2018 08:47 278

Жетісай ауданында қазір 70 мектеп балаларға білім беруде. Оның 60-ы екі ауысымда, 4-і бір ауысымда жұмыс істейді. Биыл тағы 6 мектептің құрылысы басталды. Тағы 5 мектеп салу үшін тиісті құжаттарын дайындалуда. Үш ауысымды, апатты мектеп атымен жоқ.

2020 жылға дейін ауданда мектеп проблемасы толығымен шешілетінін аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев алға тартты.

Аудандағы 70 мектептің 25-іне қаржы бөліп, қазандықтары ауыстырылып, «көгілдір отынға» қосылды. Ендігі жерде жаңа мектептердің барлығының жобасын жасаған кезде газбен де, қатты отынмен де жұмыс істейтін қазандықтар болуы керектігін жайында нақты талап қойылуда. Өйткені жылу қазандығын тек көмір жағатын етіп жасап алып, артынша қайтадан газға қосуға тура келсе, тағы 10-15 млн. теңге қаржы шығындауға тура келеді. Мектеп үшін де, халық үшін де осы тиімді. Оның үстіне елді мекеннің ортасында көк түтін қылып көмір жақпауды көздеп отырмыз, – дейді аудан әкімі.

Әлеуметтік сала бойынша басым бағыттардың бірі газдандыру ісі де Жетісай ауданында сәтімен іске асуда. Қазір ауданда газдандыру бойынша көрсеткіш 40 пайызды құраған. 3 елді мекенге газ кіргелі тұр. 6 елді мекенге газ кіргізу үшін жобаны дайындалып, оған биыл 30 млн. теңге бөлінеді деп күтілуде. Одан басқа 8 елді мекенді газдандыру бойынша құжаттары ұсынылғанын айта кетуіміз керек. Жасыратыны жоқ, басқа аудандарға қарағанда елді мекендерді газдандыру бойынша пайыздық көрсеткішіміз төмен.

 

Dalanews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x