Түркістанда студенттерді жатақханамен қамту мәселесі шешімін таппақ

Dalanews 09 желт. 2018 04:19 144

Алдағы уақытта Түркістан облысында жоғарғы оқу орындары және орта арнаулы кәсіптік колледж студенттерін жатақханамен қамту мәселесі шешімін таппақ.

Иә, жастар үшін жағымды жаңалық көп. Пәтерден пәтер жалдап көшпендінің күйін кешкен студент жастар баршылық.

Бүгінде өңірде 153 мың астам студент білім алуда. 11 330 жатақхана орнын қажет етеді, яғни, 28 жаңа жатақхана құрылысын салу қажет.


Оның ішінде жоғары оқу орындары студенттері үшін 7 800 орындық 17 жатақхана, ал колледж студенттеріне 3530 орындық 11 жатақханаға қажеттілік бар. Бүгінгі күні 9 колледжге жатақхана құрылысына салу үшін жер 5 гектар жер бөлініп отыр. Бұл жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүзеге асатын болады. Баспаналы болу басты арманы болғандарға да қуанышты жаңалық бар.

Арман Сәбитов, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы: «Ағымдағы жылы жеке құрылысшылармен 104 көпқабатты тұрғын үй салынуда. Жыл соңында жалпы алаңы 121 мың шаршы метрді құрайтын 1454 пәтерлі 3 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Олардың барығы да «7-20-25» бағдарламасы бойынша берілетін болады. Бүгінгі күнге 6 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілуге дайын. Ағымдағы жылы 780 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үйді пайдалануға беруді межелеп отырмыз».

Осылайша өңірде әлеуметтік мәселелер оң шешімін таппақ. Әуелгі қадамдар басталып та қойды. Енді нәтижесін көретін күн де алыс емес.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x