Түлкібаста 3 мың гектардан астам алма бауы бар

Dalanews 05 қар. 2018 15:07 267

Түлкібас ауданы алма бауларын өсіруге ең қолайлы өңірлердің бірі. Қазіргі таңда ауданда үш мың гектардан аса алма бау алқабы бар. Оның 2200-ден астамы соңғы жылдары егілген жаңа бау.

Бүгінде аудандағы алма бауларына алма көшеттері Италия мен Түркиядан және Польшадан әкелінуде. Қазір гала, голден, пиромин және камспор деген жаңа сорттар Түлкібас даласын түрлендіріп тұр.

Өткен жылы Түлкібас ауданының бағбандары 25 мың тонна өнім жинаса, биыл бұл көрсеткіш 30 мыңға жетеді деп күтілуде. Жалпы, өндірілген өнімді сақтауда ауданда 3,5 мың тонналық қойма бар. Қыркүйек айының соңында 2 мың тонналық тағы бір қойма іске қосылып, шаруалардың алма сақтау мүмкіндігін кеңейтті. Осылайша биыл Түлкібас ауданы бір жылда 5,5 мың тонна алма сақтау мүмкіндігіне ие болып отыр.

Ендігі мақсат – 2020 жылға дейін үш мың гектарға жаңа бау егіп, өнім көлемін 45-50 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда. Ауыл шаруашылығы саласының даму қарқынына байланысты мынадай дерек келтірсек. 1991-2017 жылдар аралығында  барлығы 1619,5 гектар жерге алма бау мен жүзімдіктер егілді, 13,5 гектар жерге жылыжай салынған.

2009 жылдан бастап тамшылатып суғару технологиясы қолға алынып,  биылдың өзінде осы әдіс 4474 гектар жерге жаңа технология  қолданылып келеді. Бүгінде заманауи агротехнологияларды қолдану – бәсекеге қабілеттілікті арттыра түсетіні анық. Сондықтан, шаруалар осы бағыттағы жұмысты күшейтуге басымдық беріп келеді.



Dalanews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x