Жетісайда мақта алқаптарына комбайндар түсті

Dalanews 17 қыр. 2018 16:26 246

Жетісай ауданында қазірдің өзінде қол терімі жұмыстарының нәтижесінде 1358 гектар мақта алқабы терілді. Бір күнде орта есеппен 322 гектар ақ алтын алқабының өнімі жиналуда.

Қол терім жұмыстарын ұйымдастыруда Жаңа ауыл округінің мақташылары өзгелерден  оқ бойы озық тұр. Жаңаауылдықтар бүгінде 465 гектар мақта алқабын теріп үлгерген. Ауданда мақта алқабына алғашқы комбайндар да түсе бастады. Күні кеше ғана Ынтымақ ауылдық округіндегі  17 гектар алқапқа комбайн түсіп, 30 тонна өнім жиналды. Ал жалпы алынған өнім көлемі 3380 тоннаға жетіп отыр. Бүгін бұл туралы Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаевтың қатысуымен өткен аппарат отырысында аудан әкімінің орынбасары Асан Маханбетов мәлім етті.

Қазіргі таңда ауданда 24222 гектар мақта алқабы дефолиацияланған. Бұл жұмыстарды нәтижелі жүргізуде Атамекен ауыл окурігі көш бастап келеді. Мұнда бүгінге дейін 4950 гектар мақта алқабында қурату шаралары аяқталған.

Жиын барысында «Ақ керуен» шарасына дайындық барысы да талқыланды. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы жерлерін цифрландыру үдерісінің жай-күйі де сөз болды. Қазіргі таңда ауданымыздағы егістік жерлердің 61 пайызы электронды картаға енгізілген. Алайда бұл көрсеткішті күн санап жақсарту қажет. Осы мәселеге мән беруге шақырған аудан әкімі тиісті сала басшыларына жұмысты ширатуды тапсырды.

 

Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x