Солтүстік өңірлерге оңтүстіктен 1 273 отбасы көшіп барды

Dalanews 16 қыр. 2020 03:56 234

Үстіміздегі жылдың соңғы 8 айында еліміздің жұмыс күші көп өңірлерінен жұмыс күші тапшы өңірлеріне 4 386 адам қоныс аударды. Олардың арасында еңбекке жарамды адамдардың саны 2 303 адамды құрайды. Осылайша өзге өңірлерге қоныс аударған 1 273 отбасының еңбекке жарамды 1 652 мүшесі жаңа тұрғылықты жері бойынша жұмысқа орналасқан.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасында еңбек ресурстарының ұтқырлығын ынталандыру үшін Үкімет айқындайтын өңірлерге ерікті түрде қоныс аударатын адамдарға мемлекеттік қолдау шаралары көзделген.

Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстары, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары қоныс аударушылардың шығу өңірлері болып айқындалды. Қабылдау аймақтары – Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.

Мемлекеттік бағдарлама аясында ерікті қоныс аударуға қатысушылар үшін субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады, атап айтқанда:

[perfectpullquote align="full" bordertop="false" cite="" link="" color="" class="" size=""]

- көшуге – отбасының әрбір мүшесіне 35 АЕК-тен бір жолғы төлем (92 мың теңге); - 12 ай ішінде ай сайын 15-тен 30 АЕК-ке дейін (39 мыңнан 79 мың теңгеге дейін) тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша шығындарды өтеу үшін отбасы мүшелерінің санына және жергілікті жерге байланысты төленеді. [/perfectpullquote]

Сондай-ақ қоныс аударушыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдануда.

Солтүстік Қазақстан облысында жеке тұрғын үй құрылысының 714 нысаны салынады, Павлодар облысында қоныс аударушыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 441 пәтер сатып алынған.

2020 жылы барлығы 5 825 адамды (1 631 отбасы) көшіру жоспарлануда.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
ТЕЛЕ2 - БАСТЫҚ1
22 сәу. 2024 18:05
x