Back
| DalaNews

«Болашақ» қауымдастығы қайрымдылықтың қолдаушы

Бүгінгі уақыт талабы бойынша қайырымдылық басты назарда болуы тиіс. Көптеген адамдардың қайырымдылық туралы түсінігі әртүрлі. Дегенмен әрқашан өзінің мейірімі мен қамқорлығын айналасына көрсетіп жүретін азаматтар баршылық. Қайырымдылық жасау қазіргі жастар үшін де жат нәрсе емес.

| DalaNews

Біздің бұл сөзімізге жастардың қарттарға көмек көрсетіп, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне уақыт бөліп, іс-шаралар ұйымдастырып жүргені айқын дәлел бола алады. «Болашақ» қауымдастығының Алматы қалалық филиалының бағыттарының бірі қайырымдылық көмек көрсету болып табылады, соның аясында жыл сайын бірнеше іс-шараларды ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Сондай іс-шараның бірі – боулинг турнирі. 5 жылдан бері үздіксіз ұйымдастырылып келе жатқан турнирде жиналған қаражатқа «Нұр» қайырымдылық отбасылық балалар үйіне, Есеновтар қайырымдылық балалар үйіне және мүмкіндігі шектеулі балаларға жәрдем көрсетілгені белгілі. Таяуда ғана турнирде өз деңгейінде өтіп, қайрымды істер жалғасын тапты. Турнирдің сәтті ұйымдастырылуы демеушілердің қолдауының арқасында болғанын айта кетуіміз керек. Жеңімпаздарға «Samsung Electronics Central Eurasia», «Fidelity» фитнес клубы, «OneCard» дисконттық клубы, «PowerSport» спорттық дүкені атынан бағалы сыйлықтар табыс етті. Ал «DailyFreshMeal» пиццериясы, «RG Brands» компаниясы «Pepsi» сауда белгісімен, «Rosinka BIO» ауызсуы, «GingerSushi» суши бары қатысушылар үшін дәмді дастархан ұйымдастырды. Турнир өткізетін орынды «Bastau» ойын-сауық кешені берді.

| DalaNews

Қалыптасқан дәстүр бойынша турнир қатысушылары «Болашақ» стипендиясының түлектері мен Алматы қаласының белсенді жастары болды. Турнир жеңімпазы, «Болашақ»  бағдарламасының түлегі Мақсат Әбділдаевтың айтуынша, «ойын өте қызықты да тартысты, әрі көңілді өтті». Сондай-ақ, турнир қатысушысы «Болашақ» бағдарламасының түлегі Думан Нұрбаев, «боулинг турнирі «Болашақ» бағдарламасының түлектеріне қайырымдылыққа қатысуға және стипендиаттар арасында таныстық орнатып, бір-бірімен араласуға мүмкіндік береді», – деп өз ойын ортаға салды.

Тартысты ойын нәтижесінде жүлделі орындар төмендегідей үлестірілді:

1 орын – Әбділдаев Мақсат;

2 орын – Кұлжабай Мухаметжан;

3 орын – Кумпеисов Алмас.

Биылғы жылы жиналған қаражат церебральды сал ауруымен ауыратын 5 жасар Гриценко Демидке арнайы ортопедиялықаяқ киім мен төсек-орын алуға жұмсалады.