Ресей Федерациясының қорғаныс министрі Сергей Шойгу Астанаға жұмыс сапарымен келді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Астанада 26 сәуірде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) қатысушы елдердің қорғаныс министрлерінің кеңесі өтеді деп жоспарланып отыр.
"Кеңес барысында халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін, сондай-ақ, ШЫҰ форматындағы қорғаныс ведомстволарының одан әрі ынтымақтастығын талқылау жоспарланып отыр", - делінген мәліметтерде.
Шойгу ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің әскери ведомстволарының басшыларымен бірқатар екіжақты кездесу өткізеді.
Кеңеске ШЫҰ-ға қатысушы елдердің қорғаныс министрлері, ШЫҰ бас хатшысы, ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының атқарушы комитетінің директоры, сондай-ақ, Беларусь әскери ведомствосының басшысы бақылаушы мемлекет ретінде қатысады.
Ал ұйымға Қазақстан және Ресей, Пәкістан, Қытай, Иран, Қырғызстан, Тәжікстан елдері мүше.