Баян бақытын тапты

Dalanews 17 қаң. 2017 17:22 380

Бұл суретті Баян емес, оның сүйіктісі белгілі кәсіпкер Тұрсын Алагөзов өзінің Инстаграмдағы парақшасында жариялады. 

Суреттің сипаттамасында «Ол менің өмірімді өзгертіп жіберді» деп жазған. Әлеуметтік желідегі қауым Тұрсынға көзін төңкеріп қарап тұрған сұлудың Баян екенін бірден ажыратты.

Ал Алагөзов болса өзіне бақыт, махаббат тілеп жатқан желідегі қауымға рахметін айтып үлгеріпті.

Продюсер Баян Есентаева мен Тұрсынғали Алагөзовтің қарым-қатынасы біраздан бері сөз болып жүр.  Бізге белгілісі Алагөзов тегін адам емес. Кәсіпкер.  «Galanz Bottlers» АҚ компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы екен. Ал әкесі Тұрым Алагөзов танымал сазгер, дирижер, еліміздегі Композиторлар одағының мүшесі.

Айтпақшы, Тұрсын осы күнге дейін Баянды күтіп жүрмеген. Бұрынғы жұбайынан екі баласы бар.

Баян болса дәл осы уақытта өзінің Инста парақшасында осындай күн райында, Тұрсын сүйіктісінің құшағындағы әйелдің бас киіміне ұқсас бас киім киіп түскен суретін жариялады.

Қысқасы, бәрі белгілі болды. Не дейміз енді, жастар бақытты болсын! Той қашан екен?

Айтпақшы, ол енді Есентаева емес, Алагөзова болатын шығар.

 

[caption id="attachment_22952" align="aligncenter" width="1822"] Тұрсын Алагөзов, Баян Есентаева[/caption]


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x