Ерлан Қарин: "ВКонтакте желісін я тежеу, я мүлдем тоқтату керек"

Dalanews 08 мау. 2016 08:56 214



Қазақстан стратегиялық зерттеулер институның директоры Ерлан Қарин елімізде ВКонтакте әлеуметтік желісін мүлдем бұғаттап тастауды ұсынды. Бұл туралы ол өзінің Facebook-парақшасында мәлімдеді.




Сарапшының айтуынша, аталған ресейлік желіден келетін қауіп басым.

"Соңғы оқиғалар кезіндегі жағдайларда, Фейсбук емес, ең алдымен ВКонтакте желісін я тежеу, я мүлдем тоқтату керек. Негізі барлық жөнсіз, мәнсіз және қауіпті бәлекеттің бәрі сонда" дейді Е.Қарин. Оның пікірін белгілі саясаттанушы Айдос Сарым да қолдап отыр. Ол барлық бәле-жала мен сепаратизмді осы ВКонтакте желісінен табуға болатынын жазды.

Айта кетейік, кешегі Ақтөбеде орын алған террорлық актілерден кейін құқық қорғаушылар өлтірілген және ұсталған лаңкестердің әлеуметтік желідегі парақшаларын ақтарып көрді. Барлығы дерлік ВКонтакте желісіне тіркеліп, Интернеттегі діни топтардың мүшесі болған.

Жалпы, аталған желіде тек радикалды діни ағымдар ғана емес, порнографиялық мазмұндағы, жастарды суицидке шақыратын контент жетіп артылады. Біздің құзырлы орган өкілдері ВКонтакте желісін толықтай емес, тек ішіндегі жекелеген топтарды ғана бұғаттаудан ары аса алмауда.

ДЕРЕККӨЗsn.kz




Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x