COVID-19. Дексаметазонмен емдеудің тиімділігі

Dalanews 18 мау. 2020 07:45 241

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) британ ғалымдарының дексаметазон дәрісін COVID-19 вирусын жұқтырған науқастарды емдеуін ғылыми жетістік деп атады. Ісікті қайтаратын препарат жағдайы ауыр науқастарды емдеуге көмектеседі. Бұл туралы ДДСҰ баспасөз қызметі хабарлады.

«COVID-19 вирусын жұқтырып, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған науқастар арасында өлім көрсеткішін төмендетуге көмектескен алғашқы препарат. Жақсы жаңалық. Ұлыбритания үкіметін, Оксфорд университетін, ғылыми жетістікке үлес қосқан дәрігерлер мен науқастарды құттықтаймын» деп мәлімдеді ДДСҰ басшысы Тедрос Аданом Гебреисус.

Зерттеу Оксфорд университетінде жүргізілді. Дексаметазонның клиникалық сынағына 6 мың адам қатысты. Зерттеу нәтижесіне қарағанда, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған науқастарды дексаметазонмен емдесе, өлім қаупі 35 пайыз азаяды.

Британ ғалымдарының пікірінше, дексаметазонды пандемия басталғанда қолданғанда, Ұлыбританияда 5 мың адамды өлімнен құтқаруға қалуға болар еді.


Дексаметазон дәрісі қымбат емес. Англияда дәрінің бір қорабы шамамен 5 фунт стерлинг тұрады. Дексаметазон 1960-жылдардан бері ісікті басу үшін пайдаланылып келеді.

Әлемде 8 миллионнан астам адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. 440 мыңнан астам адам қайтыс болды.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x