«Қасқасу» тау шаңғысы курорты – «топ 50» нысанның бірі

Dalanews 19 мау. 2021 10:55 557

Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы «Farab» кітапханасының арнайы алаңында Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте журналистердің сұрағына және жауапқа басымдық берді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берген облыс басшысы өңірдің туристік әлеуетін дамыту мақсатында қолға алынған «Қасқасу» тау - шаңғы курортындағы бүгінгі жұмыстарға тоқталды. Бүгінде мұнда инфрақұрылым жүргізу жоспарлануда.

– Ішкі және кіру туризмінің басым дамуын ескере отырып, 2025 жылы туристер ағыны мен келушілер санын 2 миллион адамға дейін арттыру жоспарлануда. Мысалы, «Қасқасу» тау-шаңғы жобасын Түркістан облысының Төлеби ауданындағы Қасқасу шатқалында салу жоспарланған. Жоба туристік саланы дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының өңірлік маңызы бар туристификациялау картасының ТОП – 50 нысанның тізіміне енгізілген, – деді облыс әкімі өз сөзінде.

2019 жылы жоба Түркістан облысының 2024 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарына енгізілді. Жобаның сыртқы инженерлік-инфрақұрылым соммасы – 3,6 млрд теңгені құрайды. Қазіргі уақытта «Қасқасу туристік-рекреациялық орталығын» салу жобасының бірінші кезеңін іске асыру бойынша жұмыс жүргізілуде (Жобаны іске асыру кезеңі: 2021-2023 жылдар). Жоба жүзеге асырылғанда 5000-ға жуық жұмыс орнын құру күтілуде.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x