«Финдердің ерлігі». Зеленскийге Манергеймнің жолын берсін!

Dalanews 07 мау. 2022 03:52 237

1939 жылы Сталин Финландия мен Балтық жағалауы елдеріне әскери базаларын орналастыруға ұмтылды. Балтық жағалауы елдері Сталиннің дегеніне еріксіз көнсе, финдер бұдан бас тартып, соңы соғысқа ұласқан-ды. Осылайша Финландия өзінен әскери күші ондаған есе артық Кеңестер одағымен соғысуға мәжбүр болды. Бүгінде Украина осындай жағдайды бастан кешуде.

Сол кезде финдер ел басқарған Карл Густав Манергеймнің маңайына топтасып, мемлекетін сақатап қалды. Бүгінде Украина президенті Владимир Зеленскийге Манергеймнің жолымен жүріп өтуіне тура келіп тұр.

Манергейм «Мемлекетті саудагерлер, шипондар немесе карьеристтер құрмайды. Кез келген мемлекетті идеалисттер, патриоттар және ел үшін жанын беруге дайын азаматтар ғана құрады» деп айтқан еді.


Иә, өзінен әскери күші әлденеше есе басым жауға қарсы тұру саудагерлер мен карьеристтердің қолынан келмесі анық.

Мұндай нар тәуекелге патриоттар мен ел үшін басын бәйгеге тіккен идеалисттер баратыны анық. Бұған Кеңестер одағы мен Финландия арасындағы жойқын соғыс айқын мысал болады.

Украина президенті Зеленский де соғыс басталған күні Батыс елдеріне бас сауғалап қашпай, халқының ортасында болып, үлкен сынақұа шыдап бақты. Осыдан кейін Зеленскийдің абыройы арта түскені анық. Сондықтан соғыс біткенше Зеленский табандылығынан айнымауы керек.

Кезінде Кеңестер одағы фин жеріне басып кіргенде еркектерді былай қойып, әйелдер мен жас балалардың өздері қолдарына қару алып, Отанын қорғап, Кеңес әскеріне табанды түрде қарсылық білдірді. Маннергеймнің өзі фин әскерін бастап жаумен алысты.

Кеңес әскері ел астанасы Хельсинкке жақындағанда Маннергейм «Бізді Отанымызды қорғап қалудан басқа жол жоқ!» деп ұран тастағанда бүкіл фин оның маңайына топтасты.

Финландия Үкіметінің мүшесі, заң шығарушы органның бірде-бір депутаты шетелге бас сауғалап қашқан жоқ. Бәрі қолына қару алып, жауға қарсы шықты.


Сол уақытта жоғары шенділердің әйелдері, дін қызметкерлері, 10-12 жастағы жасөспірім балаларға дейін қолдарына қару алып, Кеңес әскеріне тойтарыс беріп, Хельсинкті қорғап қалды.

Кескілескен соғыс кезінде 26 000 фин көз жұмса, Кеңес әскері 167 000 әскерінен айырылған еді. Бүгінде осы жағдай Украинада қайталануды. Финдердің ерілікке толы әрекеті Отан үшін соғысуды қаншалықта маңызды екенін қолмен қойғандай көрсетіп берген еді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x