Білсеңіз, Чакрабарти Мирзияевке де кеңес айтады

Dalanews 16 қыр. 2020 05:22 264

Күні кеше ғана әлеуметтік желіде ет пен терінің арасында желігі басылмаған қауым Мемлекет басшысының кеңесшісі болып тағайындалған Сума Чакрабартиға қатысты ойын айтып, біраз дүрліккен еді. Байқасақ, тегі үнділік Чакрабарти мырза жалғыз Қасым-Жомарт Тоқаевқа ғана емес, сонымен қатар іргедегі Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевке де кеңес айтады екен.

Әлеуметтік желіде өздерін ұлтшыл сезінетін кейбір азаматтар «ел ішінен Президентке кеңес беретін бір азамат табылмады ма» деп те айтқан оқып ақлдық.

Жалпы, халықаралық институттарда басқарып, тәжірибе жинаған білікті мамандарды кеңесшілікке тартудың ешқандай сөкеттігі жоқ. Мұндай тұлғалар елдің имджін көтеріп, инвестициялық тартымдылығын арттыра түстіні белгілі.


Еуропаның даму және қайта құру банкін табысты басқарған Сума Чакрабартиді осындай тұлғалардың қатарына жатқыруға болады.

Сума Чакрабарти Еуропаның даму және қайта құру банкін 2012-2020 жылдар аралығында басқарған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x