РАХАТ ƏЛИЕВ ТІРІ МЕ?

Dalanews 18 қар. 2015 13:34 277

760460744c83d0d5c21b25d5affbbaca-bigБəлкім қауесет, бəлкім шындық. Кім білген...Біз де білмейміз. Бірақ соңғы кездері жоғары жақта «Рахат Əлиев өлген жоқ. Ол тірі» деген əңгімелер айтылып жүр дейді жəне күн өткен сайын күш алып бара жатқанға ұқсайды-мыс. Бірақ, бұған қандай негіз бар? 
Оның өліміне қатысты шетелдік белді басылымның бірі бұдан бұрын: «егерде бұл шын болса, Рахат Əлиевті туған жері – Қазақстанда жерлейді, ал өтірік болса, оның денесі Австрияда қалады» деп жазған еді.

 Білетін болсаңыздар Əлиев Венадағы құрметті азаматтарға арналған ескі христиан зиратында жер қойнына тапсырылған-тұғын...
Қайталап айтайық, біз оның өлі-тірісін білмейміз. Оны «тірі»деп тұжырымдап отырғанымыз жоқ. Білеріміз «билікте, жоғары жақта дəл осындай əңгімелер айтылуда» дейді газетімізге аты-жөнін айтпауды өтінген аноним. 
Бұдан бұрын ғаламторда (оның ішінде Yоutube видеохостингінде. – авт.) «Рахат Әлиев тірі ме?» деген видео жарияланған болатын. Оны кімнің және қандай мақсатпен дайындағаны белгісіз. Әйтеуір астары белгілі. Әлиев тірі дегенді айтқысы келгендей. Осы видеода Рахатқа қатысты пікір білдірген австриялық саясаттанушы Микаель Лаубштың айтуынша, Əлиев аталған жердегі қабірді көзі тірісінде сатып алып қойған.
 Батыстағы ақпарат құралдары мұның бəріне сенбестікпен қарайды.
 «Əлиев көзі тірісінде бұл орынды шынымен де сатып алған шығар, бірақ қабірдегі белгітасқа Құран емес, латын тіліндегі сөздердің жазылуы қызық...күмəнді. Жалпы оның өліміне қатысты басы ашылмаған тұманды дүниелер жетіп артылады» дейді Батыс басылымдары. 
– Бұл араға келетіндер жəне Рахат Əлиевтің бастан кешкенін шет жағалай болса да білетіндер оның жатқан жерін көргенде мырс етіп күлуі мүмкін. Олар үшін мұның бəрі əншейін китч (халтура).  Меніңше, мұның бəрін Еуропаға көрсету үшін емес, ең алдымен Қазақстан үшін жасаған сияқты, яғни, Қазақстан тұрғындарының көзін жеткізу, сендіру үшін, – депті Лаубштың өзі. 
Ресми түрде ол – өлген, оның неден өлгені, қалай өлгені баян етілген жəне біздің бұған басқа алып қосарымыз жоқ. 
Бізге қызықтысы: «биліктің өз ішінде осындай əңгімелердің айтылып жүргені шынымен де рас болса, мұның бəрін елге тарату кімге тиімді жəне бұған кім мүдделі?».

 

Рахат Әлиевтің әкесіне жазған хатында қандай сыр бар?

 1421064887_222Рахаттың әкесі Мұхтар Әлиевке жазған хатына әркім әртүрлі баға береді. Бұл хатты Рахат өлерінен бір күн бұрын жазған. Біреулер «хатқа қарасақ, оның өз-өзіне қол жұмсағаны күмәнді. Бұл хат алдына мақсат қойған адамның хатына көбірек ұқсайды» деген болатын.

Бұған да бара бере алмаймыз. Бірақ, баласының әкесіне жазған хатын тағы да бір қайталап бергенді жөн көрдік.

 

Рахат Әлиевтің өлерінен бір күн бұрын әкесіне жазған хаты

– Әке, сен қайтты деген хабар менің қабырғамды қайыстырды. Мұнда, Венаның тергеу изоляторына хабар кеш жетеді. Әзір сізге арнап бір ауыз сөз айту маған ауыр. Себебі, екеуміздің арамызда көп нәрсе айтылмай, жасырын қалды.
Сен маған әрқашан үлгі болатын едің. Сенің ізіңді қуып, мен де сен секілді медицина саласында білім алдым. Дәрігер-хирург болдым. Әке, сен Қызылорданың құмды боранында, жоқшылықта, өмірдің тауқыметін тартып өстің. Бірақ, соған қарамай, медицинаның үлкен шыңына жеттің. Бұл, біріншіден, сенің қайтпас қажырлығыңның арқасы еді. Сонан соң, ҚР медицинасын өз қолыңа алдың, басқардың. Маған бір жағынан қиын, екінші жағынан оңай болды. Сенің танымалдылығыңның арқасында мен де билікке келдім.

[caption id="attachment_12433" align="alignright" width="385"]Венанын тергеу турмеси Венадағы тергеу изоляторы[/caption]

Сен «көмекке мұқтаж пациентке қолыңнан келгенше көмек беру – менің парызым» деуші едің. Мұқтаждарға болысу, көмек беру – сенің ел сүйген қасиеттеріңнің бірі еді. Біз отбасымызда, осы сенің кең жүрегің қаншаға жетер екен деп алаңдаушы едік. Бірақ, бұл сенің таңдауың екенін мен жақсы түсіндім. Сен медицинадағы Әлиевтердің династиясын құрдың. Сенің шәкірттерің Қазақстанның шартарабында, олар енді өздері доктор, кандидат және мықты хирургтер тәрбиелеуде.
Мен ҰҚҚ басқаруға тағайындаған кезде сенің реакцияңды әлі ұмытқан жоқпын.
Сен: «Қолыңды былғама!» деп едің. Сондай-ақ, «ҰҚҚ, ҰҚҚ – бұл өте лас саясат»деуші едің. Сонда сен: «Сен еш нәрсені өзгерте алмайсың. ҰҚҚ – бұл мемлекеттік билікке параллельді-билік және ол әрқашан лас нәрселермен айналысады» деп едің.
Мен ҰҚҚ-да істегенімнің бір ғана қайыры болса, ол ҰҚҚ архивінен атам туралы деректерді тапқаным болды. Тіпті, архивтердің арасында атамның суреті де болған еді.
1985-1987 жж. Оның басына күн туған кезде оның жанында ешкім қалмаған еді. Сонда, Сен, Владимер Ни және Сыздық Әбішев қана болған едіңдер. Сонда сен өз еркіңмен министрлік орынды босатып, отставкаға кеттің. Сенің бұл орынды босатуыңның басты себебі, оны тығырықтан шығару еді. Саған билік, мансап ешқашан қызық емес еді. Сен «дәрігер ретінде мен халыққа керекпін» дедің.
Біздің отбасымызға көңіл айтқан хатында екі түрлі ой білдірген. Оған рахмет. Ең құрығанда менің балаларым, сенің немерелеріңе сенің жерлеу рәсіміңе қатысуға рұқсат берді.
Ол бұл дүниеде ешкімнің мәңгі емес екенін түсінсе керек.
Маған (сенің жалғыз ұлыңа) қазір өте қиын. Сенің алдыңдағы перзенттік парызымды өтей алмағаныма қиналам. Бірақ, бұл уақыт келетініне мен сенем.

Рахат Мұхтарұлы Әлиев

P.S.  Мен барлық туған-туыс, дос, бауырлар мен жақындарыма рахмет айтам. Сонымен қатар, әкемнің жерлеу рәсіміне қатысқан барлық таныстары мен шәкірттеріне ризашылығымды білдіргім келеді. Әкем туралы естеліктер сіздердің көңілдеріңізден суымайынша, әкем мәңгі жасайтын болады.

ДайындағанДуман Бықай


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x