Зайсан ауданында көпбалалы және әлеуметтік осал санаттағы 6 отбасы баспаналы болды

Ақтоты Жапатова 05 мая 2025 14:40 417

Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданына қарасты Кеңсай ауылында алты отбасыға жаңа тұрғын үй кілттері табысталды,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Кеңсай ауылдық округінде көпбалалы және әлеуметтік осал санаттағы алты отбасы баспаналы болды.

Қоныс тойына аудан әкімінің орынбасары Нұрғайни Қабидолдина мен ішкі саясат бөлімінің басшысы Зумрад Дүйсенбаева арнайы қатысып, аудан әкімі атынан құттықтады.

- Бұл баспаналар - мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан әлеуметтік қолдаудың нақты нәтижесі, - деді аудан әкімдігінің өкілдері.

Айта кету керек, өткен жылы көпбалалы отбасыларға 232 пәтер, ал әлеуметтік осал топтарға 518 пәтер пайдалануға берілген.

Биыл жоспар бойынша 180 пәтер салу және сатып алу жоспарланған.


Рекомендовать
Последние новости