Заңсыз криптовалюта айналымымен айналысқан елордалықтан 7 млрд теңге өндіріп алынды

Кәмшат Тілеухан 06 дек. 2024 09:47 996

Қазақстанда  "Астана" халықаралық қаржы орталығы (ХҚОA) аясында ғана криптовалюталарды айналымға шығаруға рұқсат. Ал аталған қаржылық платформадан тыс цифрлық активтер операцияларын, соның ішінде айырбас жасағаны үшін заңмен жауапкершілік қарастырылған, деп жазады Dalanews.kz.

Қолданыстағы шектеулерге қарамастан, кейбір азаматтар ХҚОА-ның сайтына тіркелместен, ірі сомаларға айырбастау операцияларын жүргізеді.

"Астанада сот үкімімен екі тұлға ҚР ҚК-нің 214-бабымен кінәлі деп танылып, заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін сотталды. Жалпы заңсыз айырбас айналымы 7 млрд теңгені құрады.Мемлекет пайдасына сотталғандардан 7 млрд теңге көлеміндегі заңсыз табыс сомасы өндірілді", деп хабарлайды Астана қалалық прокуратурасы.

Жалпы, прокуратура азаматтық сот ісін жүргізуде 7,9 млрд теңге сомасында 4 талап беріп, олар соттың шешімдерімен қанағаттандырылып, жауапкерлерден келтірілген залал сомалары толық көлемде өндірілгені де нақтыланады. 

Айта кетсек, 2023 жылғы қаңтар – 2024 жылғы тамыз аралығында АХҚО-дағы 10 криптобиржасында, 3 криптоброкерлерде, 1 крипто басқарушы 8 қазақстандық банк арқылы 704 млн АҚШ доллары сомасына операциялар жүргізілді. АХҚО криптобиржаларына 100 мыңнан астам клиент қатысады, олардың 90%-ы бөлшек клиенттер. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 2023 жылы бюджетке цифрлық активтер индустриясынан шамамен 9 млрд теңге, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында цифрлық майнинг индустриясынан 3,5 млрд теңге түсті. Алайда, криптоактивтерге деген қызығушылықтың артуымен қазақстандықтар шетелдік алаңдар арқылы сауда мен инвестицияларға белсенді қатыса бастады. Сарапшылардың бағалауы бойынша 1,5 миллионнан астам қазақстандық АХҚО юрисдикциясынан тыс криптоактивтердің әлемдік айналымына тартылған. Олардың көпшілігі, әсіресе біліктілігі жоқ инвесторлар, хакерлік шабуылдарға, алаяқтық схемаларға және жалған активтерді басқаруға тап болады, бұл едәуір қаржылық шығындарға әкеліп соғады.


Рекомендовать
Последние новости