Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты - БАҚ

Көркем Алдабергенова 20 мая 2024 09:16 3734

Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты. Бұл туралы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары хабарлай бастады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Апат болған тікұшақта Иран президенті Эбрагим Раиси мен елдің сыртқы істер министрі Хосейн Амир-Абдоллахян де болған. Қайғылы оқиға жексенбі күні болған. 

Тікұшақ Шығыс Әзербайжан провинциясында қалың орман арасында апатқа ұшыраған. 

Ұшақта президент пен министрден бөлек бірнеше шенеунік болған. 

Құтқарушылар ауа райының қолайсыздығына қарамастан түні бойы тікұшақты іздеу жұмыстарымен айналысты. Олар дүйсенбі таңертең апат болған орынды тапты.  

Бұған дейін Press TV телеарнасы тікұшақ түріктің Akıncı құрылғысы арқылы табылғанын хабарлаған болатын. 

IRNA мемлекеттік агенттігінің мәліметінше, Раиси Bell 212 тікұшағымен ұшқан. 


Рекомендовать
Последние новости