Инсульт пен жүйке жарақатын емдейтін үздік маман

Dalanews 14 мая 2021 08:42 908

Мейіргүл Асылбек – 15 жылдан бері денсаулық сақтау саласында еңбек ететін білікті маман. Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларында сынақ тәжірибесінен өткен, – деп хабарлайды Dalanews.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда Шымкент қаласындагы «Mediker» оңалту орталығында бөлім меңгерушісі лауазымында қызмет атқарады. М. Асылбек түрлі жүйке жүйесі ауруларының алдын алу мақсатында қолданатын инструменталды әдістерді жетік меңгерген. Олардың ішінде электронейромиография, инсульт, жарақат салдарынан болған нервтерді емдеуде үздік нәтижелерге жетті.

Сонымен қатар, бейне ЭЭГ, УЗДГ аппараттарымен диагностикалық тексеру әдістерін де меңгерген.

Жалпы жылына 7 мыңнан астам адамға емдеу жұмыстарын жүргізеді.  Қазіргі таңда білікті маманды Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Тараз қалаларынан науқастар іздеп келіп, ем қабылдайды.

Мейіргүл Асылбектің алға қойған жоспарлары көп. Алдағы уақытта түрлі жағдайдан инсульт, жарақат салдарынан болған нерв параличі, түрлі бас және жұлын ауруы салдарынан болған парез, паралич алған науқастарды оңалту жұмыстарын қолға алмақ.

Рекомендовать
Последние новости