Инфляцияның жоғары деңгейі екі ай қатарынан сақталып, дегбірді қашыруда

Кәмшат Тілеухан 02 дек. 2024 14:25 855

Елімізде инфляция 2024 жылғы қарашада баяулап, бір жылда 8,4% (2024 жылғы қазанда – 8,5%) құрады. Бір айда инфляция тура алдыңғы айдағыдай 0,9% өсімді қамтыды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Баға өсімі, атап айтқанда:

▪️ақылы қызметтердің бағасы бір жылда 13,3%- ға (2024 жылғы қазанда – 14,3%),
▪️азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы – 8%-ға (2024 жылғы қазанда-7,8%),
▪️азық-түлік тауарларының бағасы - 5,4% - ға (2024 жылғы қазанда-4,9%) өсті.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылғы қарашамен салыстырғанда тарифтер суық суға – 43,1%, су бұруға – 25,7%, ыстық суға және электр энергиясына – 21,7%-дан, орталықтан жылытуға – 17,5%, тарату желілері бойынша тасымалданатын газға – 11,7%, қоқыс шығаруға 10,3% өсті.

  • Кешенді демалыстарды ұйымдастыру қызметтеріне – 22,3%,
  • байланыс қызметтеріне – 16,8%,
  • шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 13,1%,
  • денсаулық сақтау қызметтеріне – 12%,
  • жеке көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеуге – 11,6%,
  • салт-жора қызметтеріне – 11,2%,
  • демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтеріне – 11,1%,
  • қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне 9,6% жоғарылады.

Жолаушылар темір жол көлігімен жол жүру – 24,5%, қалалық автобуспен 11,8% қымбаттады. Тұрғын үйді жалға алу төлемі 9,6% өсті.

Сондай-ақ қатты өсім мына салаларда байқалды:

  • құрылыс материалдарына 5,9%,
  • Ағаш – 15,3%,
  • сұйытылған газ баллондағы – 9,2%,
  • тас көмір 8,5% қымбаттады.

АЗЫҚ-ТҮЛІК

Бағаның өсуі картопқа – 28,2%, қиярларға – 25,9%, қызанақтарға – 25,5%, темекі өнімдеріне – 15,8%, басты пиязға – 15,5%, минералды және ауыз суға – 13,9%, кондитерлік өнімдерге – 12,5%, салқындатылған сусындарға – 11,3%, жеміс және көкөніс шырындарға 10,2% белгіленді.

Бағаның төмендеуі қарақұмық жармасына – 21,6%, сәбізге – 10,2%, ақ қауданды қырыққабатқа – 8,5%, күнбағыс майына 5,3% байқалды.

Өңірлер бөлінісінде 2024 жылғы қазанда инфляция жылдық мәнде орташа республикалық деңгейден асатын 10 өңірде қалыптасты, олардың ішінен ең жоғары баға Астана қаласында (10,3%), Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облысында (9,4%-дан) тіркелді.


Рекомендовать
Последние новости