Империяық пиғылдан бас тартқан ел ғана қуатты мемлекетке айналды

Dalanews 23 авг. 2017 03:02 999

Сырттай бақыласаң, Ресейдің бүгінгі әрекеті «Қырғи-қабақ соғыс-2» сериясын бастап кеткендей. Бұрын АҚШ екеуі Африка, Азия елдерін социалистік не капиталисттік деп бөлсе, қазір бөліс Украинада жүріп жатыр.



Ресей АҚШ дипломаттар санын қысқартты (қолынан бар келгені сол), ал АҚШ ресейліктерге виза беруді қиындатты. АҚШ-та 3 миллиондай орыс тұрып жатқанын ескерсек, Кремль өз халқын қалай қинап жатқанын түсіну қиын емес. Енді Ресей паспортынан бас тартатындар көбейсе, таң қалмаймыз.
Ал санкциядан кейін пайда болған асқан кедейлік, жұмыссыздық, инвестицияның келмеуі – тек халыққа соқы болып тиюде. Сол санкция басталғалы Ресей 55 млрд. доллар жоғалтты. Ал кейбір сарпшылар 170 млрд. долларға жеткенін айтады.

Бұл сол баяғы патшалықтан келе жатқан империалистік амбицияның құны. Көршілерді жаулау, жайпау.

Ал Батыс Донбастағы соғысты тоқтатпай, санкция алынбайды деп отыр.
Бір қызығы – халқының басым бөлігі осыған риза. Батысты жамандау, өзін ерекше ел деп сезіну. Бірақ Еуропаға саяхатқа шыққанда, орыстар ең жиі кездескен турист ретінде көрінді. Тіпті, солтүстіктегі Ослода да қаптап жүр. Интернетте «загнивающий Запад, гейропа» деп мәз, ал артық ақша табылса, сол Еуропаға қыдырып, ақшасын сонда тастап кетуге даяр.

Бірақ осындай мүшкіл жағдайына қарамай, біздің латын әліппесіне көшуімізге қарсы (срапшылары «казахи уходят из русского мира» деп аузы көпіргені әлі есте), ортақ валюта енгіземіз дейді. Бұл ертегі ғой.

P.S. Кезінде қуатты корольдік болған Швеция қазіргі жоғары дамыған елге айналу себебін ең алдымен өзінің империяық амбициядан бас тартуымен түсіндіреді...

 

Нұрмұхамед БАЙҒАРАЕВ

 

https://dalanews.kz/24128

Рекомендовать
Последние новости