Ядролық соғыс қаупі: Ең қауіпсіз елдер тізімі жарияланды

Dalanews 23 нояб. 2024 10:31 886

Жаһандық қақтығыс ушығып, ядролық соғыс қаупі туындаса, ең қауіпсіз болуы мүмкін болжамды мемлекеттердің тізімі жарияланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл тізімді Daily Mail британық басылымы жариялады. Қауіпсіз елдер тізіміне Швейцария, Индонезия және Бутан жатқызылыпты.

Швейцария әрбір тұрғынын кең ауқымды бомбадан қорғану жүйесімен қамтамасыз еткен. 

Аргентина мен Чили өздерінің орналасуы мен ауылшаруашылық ресурстарына байланысты тіршілік ету үшін ең перспективалы елдердің қатарына енедіЖүздеген ядролық бомба жарылғанда атмосфераға көтерілген шаң-тозаң күн бетін жабады, сөйтіп қатты суық пен жаһандық аштық тууы мүмкін. Осындайда қыстағы ядролық соғыстан жырақта жатқан Чили мен Аргентина құнарлы жері мен бидай сияқты ең қажетті дақылдарымен апаттан кейінгі қиындықтарды жеңуге мүмкіндік бере алады

Сонымен қатар, Чили Оңтүстік Америка елдері арасында технологиялық даму жағынан жоғары деңгейіне ие, бұл төтенше жағдайларда азаматтарға қиыншылықтармен күресуде әлдеқайда артықшылық бере алады. Оңтүстік Африка Республикасын да бұл тізімнен көруге болады. Бұл елде тұщы судың едәуір қоры, құнарлы топырақ бар, азық-түлік қоры да жеткілікті. Оңтүстік Африканың орналасу нүктесінің өзі жаһандық шиеленістің оған көп әсер ете қоймайтынын айғақтайды.

Фиджи, Исландия және Жаңа Зеландия сияқты шалғай аралдарда орналасқан мемлекеттер ең қауіпсіз жерлердің бірі ретінде белгіленіпті. Оларды географиялық тұрғыда оқшау орналасуы, жаһандық шиеленістерге аз тартылуы, тұрақты ресурстардың болуы ең қолайлы жер етеді. Гренландия да осындай аймақтардың қатарына жатады. Тәуелсіз мемлекет болмаса да, оның қашықта жатуы қауіпсіздік мүмкіндігін арттырады.

Айта кетсек, 22 қарашада Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы қақтығыстың ғаламдық сипатқа ие болғанын мәлімдеген еді.

Осылайша Ресей президенті Украинамен қазіргі қарым-қатынастың жағдайын сипаттады. Бұған дейін ол Украина 19 және 21 қарашада Курск және Брянск облыстарындағы нысандарға батыстық зымырандармен соққы жасағанын растаған еді.

Оның айтуынша, Ресей күштері бұған жауап ретінде соққы берген, оның ішінде тәжірибелік қару қолданылған. РФ “Орешник” ядролық емес гипердыбыстық баллистикалық зымыранмен Оңтүстік машина жасау зауытына және Украинаның қорғаныс-өнеркәсіптік кешенінің нысанына біріктірілген соққы жасаған.

Путин Ресей эскалацияға жауап беретінін және өзінің нысандарына шетелдік қаруды қолдануға рұқсат берген елдердің нысандарына қару қолдануға құқығы бар деп есептейтінін атап өтті.

Сонымен қатар, ол Ресей “Орешник” сияқты жүйелермен соққы жасайтын кезде Украинаның бейбіт тұрғындарына қауіпті аймақты алдын ала тастап шығуды ұсынатынын айтты.

Қорыта айтқанда Путин мәлімдемесінде: 

  • "Украина Батыстың алысты көздейтін зымырандарымен Ресейге соққы жасады"
  • "Курскі және Брянскі облыстарына қарата америкалық ATACMS-тар атылды. Бірақ олар көздеген мақсаттарына жетпеді. Біздің ӘШҚҚЖ қағып түсірді"
  • "Онан соң Ұлыбританияның алысты көздейтін Storm Shadow зымырандары атылды. Олар да нәтижесіз болды"
  • "Мамандар біледі. Бұл зымырандарды Батыстың, өндіруші елдің көмегінсіз ату мүмкін емес"
  • "Біз ескерттік. Алғаш рет заманауи һәм теңдессіз континентаралық “Орешник” балистикалық зымыранымен Украинаның Днепріне соққы жасадық. Бұл біздің жауабымыз!"
  • "Біз осы және осындай жаңа әрі заманауи зымырандарды қолданарда халыққа алдын ала ескертеміз!"
  • "Бұл жолы біз ядролық оқтұмсықтар қолданбадық"

Рекомендовать
Последние новости